2000 жылдың қайтар айында Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театры ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен аталмыш жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді. 2004 жылы Күләш Бейсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Халықаралық музыкалық театрлардың ассоциациясының құрамына мүше болды. Театрдың опера және балет труппалары АҚШ, Греция, Швеция, Түркия, Қытай, Корея, Австрия, Италия, Франция, Ресей елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық мәдени алмасуға қатысты.
Театрдың алғашқы маусымын 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды.
Қазақстан әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекет.
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Ойымды М. Қаниевтің өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде...