Спарта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta), немесе Лакедемóн (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) — Балқан түбегінің оңтүстік бөлігіндегі Пелопенес аймағында орналасқан ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Б.з.б. 12 ғасырда Оңтүстік Грекия жеріне дорийліктер басып кірген. Олар Лакониканы жаулап алып, Спарта мемлекетінің негізін қалаған. Спарталықтар бірте-бірте осы аймақтарды жаула бастады. Б.з.б. 7 ғасырдың ортасында Мессения алқабын да басып алды. Олар əскери лагерь құрып, соның негізінде Спарта қаласын салды. Дорийліктер өздерінің басты қаласы Спартаның атымен спарталықтармыз деп атады.
Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км²
Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.