Естемес күйге елігіп өзге дүниені ұмытып кетті. Талайдан бөрі арқаны құрыстатып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қыртысы таралып, жанын сергітіп әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Естемес қиялынан сергіп нарға қарады. Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп бір-екі рет қозғалып теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басып бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңыранды. Естемес оны да домбыраның шегіне іліп әкетті. Күйші көзі Жаңылға түсті... Қыз нардың емшегі қысып ұстап, қатып қалыпты. «Апыр-ау, бұл неге саумай тұр» деп ойлады Естемес. Нардың желіні тырсиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма шуақ биігінен төмендеп, қайтадан мұңлы сазға ауысып күңіреніп барады. Сәлден кейіп жалт еткен арманынан айрылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып тұрды. Күйшінің де көзінен жас тамып кетті. «Заманым өткен екен ғой» деп aһ ұрып жалт бұрылды да:
Ар жағын сен тарт,— деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді.
Оразымбет домбыраны қағып алып жалғастырып тарта жөнелгенде нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.
Біз қайдан білейік, ел: «Нар идірген» күйі осылай туыпты деседі.
Тапсырма. Екі мәтінді оқыңдар. Стилін анықтап, тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктерін салыстыра талдаңдар.
шығарма идеясы 1.
тақырыбы 2.
құрылымы 3.
мақсатты аудиториясы 4.
стилі 5.
тілдік ерекшелігі 6.
1 күй сыры
2 нар идірген күйінің шығу тарихы
3 кіріспе негізгі қорытынды
4 күй
5 көркем әдебиет
6лексика