В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
lovivirus1234
lovivirus1234
28.11.2020 21:48 •  Қазақ тiлi

Етістіктің шақтарына әрі райларына сөйлем құрап жаз, кем дегенде 10 сөйлем. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Показать ответ
Ответ:
jokernastyabotovt8qe
jokernastyabotovt8qe
03.09.2022 23:05
Ахмет Байтұрсынов (18.01 1873 ж., Қостанай обл., Жангелді ауд., Сарытүбек мекені, - 1938) – ақын, әдеббиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. 1882-  84 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдергіні үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 ж. жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт - азаттық қозғалыс күшейеді. 1918 - 19 ж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. 24- маусымда Қазақ өлкесін басқаратын Әскери революциясы қазақттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 ж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғыл. әдеби комиссиянның төрағасы, Халық ағарту комиссары. 1925-29 ж. Қазақстан Халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ де оқытушы болды.

Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлен жазудан бастаған. Онда ол еңбеқші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.

Ақынның алғашқы өлендері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт Петербургте жарық көрде. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер қайратын, білімін жұмсайды.

Байтұрсыновтың екінші кітабы «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады.

Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі  « Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынов ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеум., қоғамдық, мән маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетик. әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой түйіндер айтылған. Кітаптын бірінші бөлімі « Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады. Екінші бөлімі « Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады.

Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешееліктері, араб әліпбинің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. Ол қазақ балаларының  ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғыл.еңбектер ұсынды.

Байтұрсынов қазақ тіл білімін 20-ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазауының реформаторы болды. Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы   көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын ұазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И.Хемницердін «Атпен есек», А.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
artemzuk2001artemzuk
artemzuk2001artemzuk
30.11.2022 15:38
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасыда дүниеге келген. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түседі, оны бітірісімен Омбыдағы ауылшаруашылық институтында бір жыл оқыды. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі 20-жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушы болып қалыптасуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктерінің шығармалары ықпал етті. Жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар-"Қос шалқар","Талпақ танау","Ана туралы новеллалар" т.б., ондаған пьесалар-"Қыз Жібек","Қозы Көрпеш-Баян сұлу","Амангелді" т.б., қара сөзбен жазылған"Кездеспей кеткен бір бейне" поэмасын жазды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота