ЭТО ТЕКСТ Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екінші - бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшінші - зайырлы қоғам. Төртінші - экономикалық өсім.
Бесінші - жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады.
А ЭТО ЗАДАНИЕ
Мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырыңыз.
Мәтіндегі ақпараттар Реті
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі
Зайырлы қоғам
Бірлік, бейбітшілік пен келісім
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
Экономикалық өсім
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
мәтіндегі ақпарат реті:
1)қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
2)бірлік, бейбітшілік пен келісім
3)зайырлы қоғам
4)экономикалық өсім
5)жалпыға ортақ еңбек қоғамы
6)тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтылығы
7)еліміздің ұлттық қауіпсіздігі