Етті.
-тапсырма.
Тыңда. Мәтінді оқы.
Курайлы көлін қоршаған қалың егінші түнде жауын болғандықтан,
жердің дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан. Біреу өгіз, бі-
реу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп, қым-қиғаш қимылдаған жұртты
Олжабек пен Жамал көріп келеді. Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай
дауыстарды да құлақтары анық естіді:
Әй, егеуді қалдырма, егеуді!
Тоқта, доғарылып қалды!
Аналар барып жырта бастады …
Мәулікейді айтыңдар, Мәулікейді!
Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған
жоқ.
Көз алмай қарап келе жатқан Олжабек қабағын бір шатыр күбір етті:
- Жұмыстарында өнім жоқ.
Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиек-
тей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп, солардың қасына
тоқтады. Егіншілердің көлігі бастықпай, өздерімен өздері әуре болып жүр,
бұларға қапелімде қарай қойған жоқ. Олжабектің көзі көліктерде.
«Ана сиыр бұзау бере ме, енді?! Обал-ай!» … деген ойда түгғанда:
-- О, жігітім, жол болсын!, - деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.
Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп, Олжабек:
Ассалаумәлейкүм! - дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс
Егінші де күліп жіберді.
- Е, бәсе, жасың кіші көрінеді ғой, шырағым! - деді де сорайған мойнын
соза түсіп Жамалға: - Есенбісің, балам! Ал жөніңді білдір. Танымадық,
деді Олжабекке.
Олжабек жөнін жөнді айтпады. Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі
жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін
адам еді, білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді …
- Отағасы, сонымен, колхоз егінін салып жатырмыз де.
Иә, шырағым, әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой. Тәңірі тен оңын
берсін!
-- Осы маңдағы елдің бәрі де колхоз болды ма?
- Колхозсыз жер бар дейсіз бе?
- Кім қалпында отыр дейсіз?
- Бәсе, «ел-елдің бәрі-ақ осыған келді», - деседі ғой.
- Дегенмен «Ортақ өгізден оңаша бұзау» жақсы да.
- Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман - бір ме? Заманына қарай
амалы да бар емес пе?!
мне нужен перевод текста
-Сәлем,Айша!
-Сәлем,Айдос!
-Қарашы,біздің жеріміз қандай керемет,иә?
-Айтпа,не деген таза ауа,самал жел.Білесің бе?Біздің Қазақстанымыз ең керемет,кең байтақ ел екенін?
-Әрине,осындай ұлы даланы ата-бабаларымыз соғысып сақтап қалған.Болашақта да осылай да кең байтақ даласымен,табиғатымен бізді таңғалдыратыны сөзсіз емес пе?
-Иә,мен болашақта ел қорғайтын азаматша болып,батыр қыз атанып,ел қорғаушысы болғым келеді.Ал, сенше Айдос?
-Мен Қазақстанның барлық қалаларына,тіпті барлық аудандары мен ауылдарына үлкен,үлкен ғимараттар,үйлер салып,біздің елді одан әрі дамытқым-ақ келеді.Осыдан өсіп алайыншы,бәрінін жағдайын істеп,өз еліміздің болашағы үшін тыңбай еңбек ететін боламын.
-Е,сенің арманың өте керемет екен.Өз арманыңа жетуіңе тілектеспін.Саубол!
-Көп рақмет!Сау саламатта болғайсын!!!
Объяснение:
Менің қысқы демалысым туралы.
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!