Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылға жуық аздап ақша жинайды. Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді. Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың 1-2 миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллиондай не одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жылға тарта ақша жинайтын адам табыла ма?» – дейді. 1. Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз. Какое отношение имеет главный герой к торговле? Опишите его моральные качества и приведите доказательства из текста.
2. Болжалдық сан есімі бар сөйлемді теріп жазыңыз. Выпишите предложение с приблизительными числительными.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
«Ұлттық дәстүр» ұғымы – бүгіңгі күнде өмірде жиі қолданылатын,
екінің бірінің аузынан түспейтін сөз. Алайда, оның мәні мен мазмұнына
сол екінің бірі жете-бара бермейтіні мәлім. Содан болар, дәстүр сөзін әркім
өз таным-түсінігіне қарай орынды, орынсыз қолдана беретіні байқалады.
Шындап келгенде, дәстүр жөніндегі қазақы таным-түсінікпен сорпасы қосылмайтын, үйлесімі жоқ, шолақ қайырым, келте түйін жасайтындар да аз
емес.
Салт-дәстүр дегеніміз, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл тіршілік тәжірибесінен
сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп, бір жүйеге
келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру салты, заңы. Оған басқа ұлттың ортақтығы жоқ.
Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына аса көңіл
бөлген. Халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның
тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Сәби дүниеге келгеннен бастап,
оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне қазағымыз баса назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік,
мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық
педагогикасының мәні айрықша. Ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан мол мұраларымыздың құндылығына ешкім дау айта алмас.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың ата-анасы осы ілкіден қалыптасқан әдетғұрып, ұлттық салт-дәстүрлі тәжірибені қолға алса, ұлттық мінез, ата-баба дәстүрі де жаңғыра түседі.
Объяснение:
Әлеуметтік топ - кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.
Әлеуметтік топ-қоғам дамуының белгілі бір сатысында нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, ортақ құндылықтардың, ғұрыптардың, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізінде қалыптасатын тұрақты адамдар тобы.
Ресми топ - заңды статусы бар, әлеуметтік институттың, ұйымның бір бөлігі болып табылатын, осы институт немесе ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі шеңберінде белгілі бір нәтижеге жетуді мақсат тұтатын әлеуметтік топ.