В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
mathewkichunov
mathewkichunov
20.12.2021 16:01 •  Қазақ тiлi

Эвфемизм сөздерді қатыстырып 3 сөйлем, дисфемизмді қатыстырып 3 сөйлем құрап жазыңдар​

Показать ответ
Ответ:
fatima777799ozu0sv
fatima777799ozu0sv
28.05.2021 16:20

Менің өмірімдегі ең жақсы, тамаша күн ол менің 17 жасқа толған күнімЕсіме алсам, бүгінгі күнге дейін жаныма жарық нұр төгілгендей күлімдеумен боламын. Кейде көшеде кетіп бара жатып есіме түсіп кетеді, сол кезде өзім мен өзім мәз болып бара жатқанымды көрген бейтаныс жолаушылар маған есі ауысқан кісіні көргендей қарайды. Менің сол қуанышқа толы күнім түнгі 24-00де басталады. Негізінде менің туылған күнім 18-тамызда, ал 17-тамызда біз, менің би тобымдағы қыздармен әншілерді ауызашарға мейрамханаға шақырғанбыз . Ауызашар біткеннен кейін қонақтарымыз қайтып кетті. Биші қыздар 24-00ге дейін күтіп, мені құттықтап барып үйлеріне тарады. Мен бір неше құрбыммен қайттым. Қайтып бара жатқанда көлігіміз үйдің жаңындағы мектептің алдында тоқтай қалады, құрбыларым көліктен шығаса салып, мектеп жаққа жүгіре ұмтылады. Мен не болғанын ұқпай, қыздардың артынан барып едім, мектепке енді жақындағанда майшамдар жағылып, достарым « Туылған күніңмен» деп бүкіл көшеге айқай салды. Қарасам менің барлық достарым жиналып алыпты, қолдарында әр түрлі шариктер,мен жақсы көретін гүлдер, әдемі торт және мені әлі күнге дейін қуандыратын тоты құс. Таң қалғаным соншалық айтарға сөз таппай тұрып қалдым, ал кеудемде болса қуаныш толып тұр. Тортты турау үшін көліктің жанына барғанда, тағы бір достарым келіп құттықтап, өз көліктерінің багажнигін ашып туған күнге арналған әндерді қосты біз сол әнге билеп, бір-бірімізге торт жағып, ойнап-күліп қайттық.

Келесі күні біз бәріміз кешке жиналып «Тұңғыш президенттің паркіне» бардық ол жердің әр түкпір-түкпірін аралып шықтық. Шынымды айтсам сол кезде мен ол паркке бірінші рет кірген болатынмын және мен табиғатты жақсы көремін.Сол үшін маған бұл күн өте ерекше болып көрінді. Газонда отырып түрлі ойындар ойнадық, әңгіме-дүкен құрдық солай тағы түнгі 24-00ге дейін жүріп қалдық. Осы күнде маған қатты ұнағаны достарымның жастарының үлкен айырмашылығына қарамастан, бәрі ұйымшылдықпен жиналып келгені. Сол үшін мен достарыма өте риза болдым. Осы күннен кейін біз әр досымызды түнгі 24-00де құттықтауды әдет қылып алдық.Иә, жылдар өтіп жатыр, ал біз әлі де бала болып қалудамыз, менің өскім келмейді кішкентай болған сондай тамаша, уайым-қайғы жоқ тек қуаныш пен бақыт...

0,0(0 оценок)
Ответ:
goe1
goe1
28.05.2021 16:20

Жылына үш жүз алпыс бес күн болады және олардың барлығы мүлдем өзгеше, олар өздерімен бірге белгілі бір жаңалықтар немесе біздің өмірімізге өзгерістер әкеледі. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, егер адамның қанша қаласа да, өткізген бір күнінің өзі қайталана алмайтындығына байланысты. Бірақ ерекше күндер бар, олар басқалармен ерекшеленеді, олар белгілі бір адам үшін маңызды, өйткені оның өмірінде басталғанда қандай да бір маңызды оқиға болды. Сіздің өміріңіздегі қай күнді ең жақсы деп санауға болады?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота