В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
SavchukAndrew
SavchukAndrew
17.09.2021 23:30 •  Қазақ тiлi

Фантастикалық оқиғаға swot

Показать ответ
Ответ:
saparhanaruzhan
saparhanaruzhan
31.07.2021 10:34

Мағынасы жуық сөздер

Мағынасы жуық сөздер синонимдер деп аталады.

Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

• Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

• Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;

4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;

6. Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.

Антонимдер - мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Мысалы: айбынды-қорқақ; батыр – сужүрек; күшті - әлсіз; қос - бөлек/біреу; солғын – балғын; бірлік – алауыздық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
1232508
1232508
06.03.2023 23:00

Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. Мұны басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. Осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. “Құда — мың жылдық” деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуы этностықтұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды (“Қарға тамырлы қазақ”). Ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз. Біріншіден, рулық-ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке меншік дамымаған. Ол рудың меншігі болып есептелген. Бай ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде табыс көзіне айналған. Тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та бүкіл ауылдың келіні болып есептелген. Әмеңгерлік, жесір дауы сияқты әлеуметтік құбылыстардың да тамыры осында

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота