21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Робот сөзіне анықтама берер болсақ, ол - адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.
Соңғы уақытта ойлап табылған роботтар адамдардың еңбегін жартылай немесе толықтай алмастыра алады, кейбіреулері ойын – сауық мақсатында қолданылады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босатты.
Техниканың дамуы бір орында тұрмайды. Қазіргі уақытта адам орнын толықтай алмастыра алатын, тіпті адамдармен толыққанды диалог жүргізіп, бала күтімінде де қолданылатын роботтар шығарылуда.
Робот - техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот - техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды. Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады.
Әлем немесе Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі.
Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырда өмір сүрген ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (біздің заманымыздан бұрынғы V ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытып, кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен)жүргізілді. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, тек Қайта өркендеу дәуіріндеНиколай Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғылыми зерттеуге жол ашты. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесініңқұрамына енеді. Күн жүйесінің диаметрі он миллиард километрдей. Галактиканың диаметрі шамамен 30 мың пк-ке (шамамен 100 мың жарық жылы) жуық. Кейінірек ғалам кеңістігінде біздің Галактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады.
Роботтар адам орнын алмастырады.