"толағай" - халық аңызы. шығыс қазақстан облысы тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, ға толағай деген ат қойғандығы айтылады. ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, толағай ай санап емес, күн санап өседі. төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ табылмайды. әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. бірде олардың мекеніне жұт келеді. жауын жаумай, қуаңшылық болады. шөлден мал қырылып, өледі. күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннатытарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. ол шаршамай ұзақ жүреді. халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. оны көтеріп келе жатқан толағай екенін біледі. найзағайойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. халық "толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "апа! " деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. содан бері бұл тау "толағай" деп аталады. аңызды шығыс қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлықэкспедициясы тарбағатай өңірінен жазып алған. қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтанубөлімінде сақтаулы
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.