Ана тіліміздің тағдыры ұлтымыздың тарихына ұқсайды деп ойлайсыңдар ма? Ұлт тарихы мен тіл тағдыры ұқсас деп айта алмаймын. Себебі, ұлт тарихына сырттан әсер етуші себептер болады. Ал, тіл тағдыры, әрбір ұлт өкілінің өзіне тікелей байланысты. Ана тіліңді ардақтасаң саған ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы: шетелдегі қандастарымыз арада ғасырға жуық уақыт өтседе ана тілін ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жеткізген, сонымен қатар тұрған елдерінің тілдеріне де құрметпен қарап, өз ана тілінен кем игермеген.
Бұл суретке қараған кезде қаймағы бұзылмаған қазақ халқының тіршілігін елестетуге болады. Бұл жерде қазан, торсық, ағаш кеселер, ер тоқым, көрпеше тоқуға арналған құрал, садақ, қайрақ т.б заттар көрсетілген. Барлығымыз білетіндей бұл заттардың барлығы ата-бабамыздың қолданған тұрмыстық заттары болып табылады. Қазан - қазанды бұрындары ғана емес қазіргі кездеде аналарымыз бен апаларымыз тамақ пісіруге қолданады. Торсық - бұл ыдыс бұрынғы кездері кез - келген батырдың жанынан табылатын болған. Бұл ыдысқа не құйған десеңіз, айран, сүт, шұбат, қымыз, су секілді сусындардың бірін құйып салқын күйінде сақтауына мүмкіндік берген. Ағаш кеселер - бүгінгі күні де сорпа ішуге қолданылады. Ер тоқымды жылқының үстіне міңгестіретін болған.
Ұлт тарихы мен тіл тағдыры ұқсас деп айта алмаймын. Себебі, ұлт тарихына сырттан әсер етуші себептер болады. Ал, тіл тағдыры, әрбір ұлт өкілінің өзіне тікелей байланысты. Ана тіліңді ардақтасаң саған ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы: шетелдегі қандастарымыз арада ғасырға жуық уақыт өтседе ана тілін ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жеткізген, сонымен қатар тұрған елдерінің тілдеріне де құрметпен қарап, өз ана тілінен кем игермеген.