Гауһар шанасын сүйретіп далаға шықты.Аспан ап-ашық. Ауада шым- шым аяз бар.Батуға айналған күн қызыл-жасылданып көрінеді.Гауһардың екі беті қып-қызыл.Жағасы қырау-қырау.Қас қарайды.Аспанның тұс-тұсынан жылт-жылт етіп жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үсті-басының қарын қағып,үйге кірді.Әжесі немересінің тап-тастай қол-аяғын бауырына басып,жып-жылы алақанымен басын сипады.Гауһар әжесіне шексіз риза болып, әп-сәтте ұйықтап кетті. Тапсырмаларды орындау : 1.Ең соңғы сөйлемді сөз таптарына талдау 2.Мәтіндегі қос сөздерді теріп жазу
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.