1. Сал-серілер-мырза, адал, ақ көңіл өнерлі адамдар. Сал, сері бір өзі халықтың алдында өнерін көрсете алатын адам. Сал-серілер сан түрлі өнерді игереді. Олар ақын, әнші, композитор ретінде қазақтың өнерін, музыкасын дамытып, жаңа белеске көтергендігін, әрі әншілік-сазгерлік шығармашылықтың өзіндік озық үлгі-өрнегін қалыптастырғандығын, поэзия мен музыканың, халықтың ойын-сауық өнерлерін ұштастырып келгендігін, ең бастысы қазақ поэзиясының дамуына зор үлестерін қосқандықтарын әдебиетші, өнертанушы ғалымдар әлі күнге дейін зерттеп келеді.
2. Иә, Ақан, Біржан сал-серілер тобына жатады. Себебі, Біржанның бойында салдықтың белгісі мол көрінсе, Ақанда серілік өнердің қасиеті басым. Біржан мен Ақанда сал-серілік өнердің әншілік, ақындық, музыканттық, эстетикалық қырлары көп көрінеді.
3.Сал мен сері деп аталатын екі тұлғаның бір-бірінен аз да болса айырмашылықтары бар.
Сал дегеніміз — аса талантты, бір өзі бір театрдың қызметін атқаратын, ерекше әрі қымбат, әсем киінген, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мүлде бөлек, дүниесін, мал-жанын осы жолда аямайтын мәрт, жомарт жан. Оның киімдері кісі таңданарлықтай басқаша үлгіде тігіледі. Сән-салтанатты басқа, ер-тұрманы да сұлу әрі сымбатты, әшекейлі. Сал — халықтың еркесі, қызығы, думаны.
Сері де — сал сияқты әнші, күйші, ақын, өнерпаз. Оның киім киісі сұлі да сыпайы. Осындай өнердің сыртында ол — сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын, әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, әрі шешен, әрі шебер, қысқасы, халық сөзімен айтқанда, "сегіз қырлы, бір сырлы" аса биік тұлғалы азамат. Мысалы, атақты Сегіз сері осындай жігіт болған.
4.Тарих көзімен қарағанда, серілік ту баста түрік қағанаты кезінен шыға бастаған. Серілікті әдет қылған ойшыл кісінің бірі атақты Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып аңшы, мерген, атты әдемілеп ұстайтын ат сейіл, сонымен қатар ол асқан ақын, жырау. Ағалары Білге хан мен Күлтегін қайтыс болғанда оларға арнап эпикалы оқиғаларды әдемілеп құрып, оны тасқа жазып қалдырған да осы атақты Иоллық тегін. Және де қазақ аңыздары бойынша Қорқыт – ескі дәуірдегі серілікті бастаушылардың бірі. Осыдан он үш ғасыр бұрын жасаған атақты шешен, ел басқарушы, сонымен қатар атақты жырау, ақын, күйші, бірінші қобыз жасаушы қазақ музыкасының атасы.
5.Сал-сері деп кімдерді айтамыз? Бұл сұраққа нақтылы жауап беру қиындау. Заман мен қоғам бір орнында тұрмайды. Түн ескіріп, күн жаңарған сайын ол да өзгереді. Сол секілді, бүгінде Ақан мен Біржанның заманы емес. Шашубай мен Исаның дәуірі келмеске кетті. Енді, әрбір адам өзін тудырған заманына қарай бейімделеді ғой. Егер солай деп түсінсек, онда бүгінгі заманның сал-серілерінің қатарына әншілер мен айтыскер ақындарды жатқызуға болатын секілді. Әншілер де, айтыс ақындары да халықтың ішінде көп жүреді, олардың ішкі әлемі қарапайым халықпен тығыз байланысты. Екеуі де халықтың өнерін халықтың өзіне насихаттайды. Бірақ, бұл сал-серілік деген аясы кең ұғымға қалай болар екен деп те ойланамыз.
Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.
Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.
Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.
Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.
Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.
Табиғат ресурстары адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.

Қоршаған ортаны қорғау