Грамматикалық тақырыптарға байланысты тапсырмалар. [3] 1. Демеулік шылауларды қатыстырып бір сөйлем құрап жаз. (-ма/ме, -ба/бе, - па/пе ) 2 Логикалық екпін байланысты бір сөйлем құрап жазып, логикалық екпін түсіп тұрған сөздің астын сыз. 3. «Кезді ашып жұмғанша» тұрақты тіркесті қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың қадірін ұғына алып жүрміз бе?! Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүр ме?
Бүгінгі ата-ананың рөлі, расымен-ақ тым төмен түсіп барады. Қолдағы алтынның қадірі жоқ деген. Ата-анасы балам қатарынан қалмасын, қиналмасын, еңсесі тік жүрсын, ауырмай-сырқамай аман жүрсін деп бала жағдайының барлығын жасауға тырысады. Ағаш секілді жемісін де, жапырағын да, бұтағын да, жанын да, тәнін де береді. «Түн ұйқысын төрт бөліп» деген даналық бар қазақта. Бар айтпақ ойымыз осы сөздердің астарында тұр.
Ал бұл жақсылықтары үшін әке-шеше баладан еш ақы сұрап жатқан жоқ. Ата-ана қадірін оның ең басты бір ғана әрекетінен-ақ түсініп, сыйлауға болады ғой. Олар саған басқа ешкім бере алмаған нәрсені берді. Саған өмір берді. Ол өмірді саған дос та, махаббат та, ұстаз да, ғұлама да бере алмас еді. Алғаш басқан қаз-қадамымыз, былдырлап шыққан алғашқы бала тіліміз, қолыңа шоқ гүл алып, мектепке барған сәтіміз, алтын ұядан түлеп ұшқан кезіміз, осы сияқты әр алуан өмір тынысында ата-анамыз қашанда жанымызда. Олардың орнын басар адам жоқ және болуы да мүмкін емес.
Өмір – сын. А болған соң қиындыққа тап болып, тығырыққа тірелер күндер болады. Осындайда жаныңнан ана мен әкеден басқа табылар жан кемде-кем.
Алғашқы редакторы көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев. Жауапты хатшысы Ә.Дүйсенбаев, бөлім меңгерушілері Б.Соқпақбаев пен Қ.Мырзалиевтар сүбелі үлес қосты. Қазір "Балдырған" журналын көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев басқарады.
Журнал беттерінде А.Жаманбалаев, Н.Сералин, Қ.Ыдырысов, С.Қалиев, Қ.Жұмағалиев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, М.Қабанбай, С.Жүнісов, Ф.Оңғарсынова т.б. ақын-жазушылар шығармалары басылып тұрды. Журнал айдарлары: "Бала тілі бал", "Кел, ойнайық", "Жаттап алу оңай", "Жұмбақтар" т.б. 20 ғасырдың 70-жылдары "Балдырған" таралымы 200 мың данаға жетті, қазір 30 мың дана.