Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек;төртінші-ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз ,салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу . Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

1)Бал ұстаған бармағын жалар
2)Ұстаның бізі сүйкімді,жақсының сөзі сүйкімді
3)Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін
4)
Алтын менен күмісті,
Зергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаны,
Мерген үшін жаратқан.
5)Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.
6)Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
7)Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек
8)Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады
9)Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
10)Алуан-алуан кәсіп бар,
таңдай біл де,талап қыл!