Х 2. Негізгі ойды анықтайтын жетекші
сұрақты анықтаңдар
Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-
бабаларымыз ауа райын өздерінше
болжап отырған. Ұшқан құстың, жүгірген
аңның белгілерімен қатар, аспан
денелерін де өздерінше зерттеген.
Қазіргі уақытта (тамыз айының 22-сінен
қыркүйектің 21-іне дейін-ау деймін,
шата ) түнгі аспандағы
жұлдыздарға тағы бір жұлдыздың
қосылатын шағы. Бұған дейін де ол
жұлдыз болған, тек осыншалықты анық
көрінбейтін. Бұл -Сүмбіле жұлдызы. Осы
Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап,
өзен-көлдердің суы салқындай
бастайды. Қазақта «Сүмбіле туса, су
суыр» деген сөз бар.
Бұдан кейін Таразы жұлдызы көрінеді.
Бұл жұлдыз жайлы да «Таразы туса, таң
суыр» деген қағида қалдырған екен
бабаларымыз. Кейбіреулер «Тау суыр»
деп те айтады. Расында да, осы уақытта
жайлауда, тау арасында болсаңыз,
түннің де, таңның да салқындағанын
байқауға болады.
С. Ауа райының салқындағаны жайлауда
ғана біліне ме?
В. Ата-бабаларымыз ауа райын қалай
болжаған?
А. Жазда Сүмбіле жұлдызы неге анық
көрінбейді?
Доспамбет жырау — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.).
Құлынның туған күнінде.
Менің атам мен әжемнің ауылында көптеген үй жануарлары бар.Солардың ішінде бір көргеннен жақсы көріп кеткен жануарым - Cұңқар есімді құлыным болды.Міне,оны туылғаннан бері бағып,өсіріп келе жатқаныма көп уақыт болыпты.Бұл бүгін Сұңқардың бір жасқа толғандығын білдіреді.Қарап тұрсам,құлыным әсем боп өсіпті. Отбасыммен ақылдасып бұл күнді атап өтуге келістік.Үй іші қызу дайындықта.Анам ертеден дәмді тағамдарын дайындау үстінде болды.Ал атам мен әкем құлыным өскен соң мінуге арналған кішкентай ертұрман дайындап жатты.Мен күні бойы ауылдағы жалғыз үлкен базарды аралаумен болдым.Неге дейсіздер ғой?Ата-анам аздап берген ақшаларды жинап жүрген болатынмын.Енді сол қаржыға құлынымның жалын,кекілін тарайтын әдемі әрі ыңғайлы тарақ алмақшы болдым.Түске қарай іздегенімді тапқанымда қалай қуандым десеңізші.Үйге келсем,анам сәкі үстіне дастархан жайып қойыпты.Құлынды жақын жерге байлап,алма,қант секілді тәтті тамақтар мен өз сыйлықтарымызды сыйладық.Біз ғана емес,оның туған күніне алыстан келген достары бота гүл шоғын сыйласа,бұзау құлынның сүйікті жемісі,алма толы себет сыйлады.Ол қуанғандай ойнақшып,секіре жөнелді.Міне,осылайша құлынымның алғашқы туған күнін атап өттік.
(Мағынасы бір-біріне жуық сөздер)
(Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.)