В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
aselkulmagambet
aselkulmagambet
31.01.2022 10:14 •  Қазақ тiлi

Хабарландыру) көтерілген мәселені талдау
1-тапсырма / /
Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ақпаратты анықтап жазыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы «Александрия кітапханасы өртенген
391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең
үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Ерeнғайып
Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың
тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған
осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық
ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік.
Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-
Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен
таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім
үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар
кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада
жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда
кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол
қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы
кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс
істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек.
Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі. Осындай
үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз
құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-
833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар
үйін ашып, дүниенің түкпіртүкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана
қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана
жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының,
Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің
арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды. «Даналық
үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық
жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен Бағдатқа
барған. Осы кездегі Бағдат Халифiнiң басты уәзірлері Фараб қаласынан
болған деген дерек бар. Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді,
қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл
заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да
түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар
қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек
Мәтіндегі Зат есім сын есім үстеулер тауып мағыналық түрлерін анықта ​

Показать ответ
Ответ:
sashamissmalevozgk56
sashamissmalevozgk56
06.04.2023 13:22

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланы 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескертетін болған. «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жас­тан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын. Дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған ұлы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені сәбидің бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындату тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, нәтиже де берері анық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Mognolia
Mognolia
28.12.2021 06:44

Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота