Біз ертедегі салмақ атауларын біле бермейміз. Бір күні әжем маған балам ескіше салмақ өлшемдері қалай аталатынын білесің бе,-деген сұрақ қойды. Мен таң қалдым, әже неге ол өлшемдер ескіше немесе жаңаша болып бөлінуі керек,- дедім. Әжемнің сонда маған түсіндіргені, бұрын өлшеу құралдары барлық отбасында бола қоймаған, ал шелек бәр үйде бар, олар қазіргідей әртүрлі емес, үлкен бір шелекке он литр сүт сиятын болған,- деді. Және ертеде торсық болған оған айран құйылады, оған шамамен алты, жеті литр сиятын болған, ал саба - қымыз құйылады- он, онбес литр шамасында. Ал, бір арқа деп бір 45-50 кг жүкті айтқан, бір қап 50-60 кг болған, найза қап немесе қанар деп 70-80 кг сиятын қаптарды айтқан. Ал, бір мысқал-1 гр, бір келі- 1 кг, бір пұт- 16 кг, бір қадақ 200 гр, болған екен.
Сəлем, Алена. Менің саған жазған себебім, сенімен қуанышты хабармен бөліскім келді. Мен футбол үйірмесіне баратын болдым. Бағыма орай, онда соңғы орын бар екен Менің ойымша, бұл мен үшін керемет мүмкіндік, себебі, спорт денсаулыққа пайдалы. Шынымды айтсам, мен футболға 13 жасымнан бастап қызықтым. Көптеген матчтарды көрдім. Менің сүйікті құрама командам " Манчестер Юнайтед". Ал Қазақстандағы сүйікті құрамам -"Қызыл жар". Əрине, маған сабақ пен футболды қатар алып жүрген оңай болмайды, бірақ мен тырысатын боламын. Менің сенен сұрағым келгені, саған футбол ұнайды ма? Жауабыңды күтетін боламын.