Халықаралық Отбасы күні Постер жасаудағы басты мақсатты анықта. Уақытты тиімді пайдаланып, жұмыс жасау Белгілі бір тақырып бойынша пәндік білімін жинақтау Топпен бірлесе жарнама жасау Ынтымақтаса жұмыс істеу
33 минуты назад Мақал - мәтелдерМақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
1.Ұлы Жібек жолы б.э.д.2-ші ғасырда пайда болды. 2.Азия мен Европа елдерін байланыстырды. 3.Лазурит жолы-Мысыр,Иран,Вавилон елдеріне Памир тауларынан өндіретін лазурит тасы тасымалданатын жол. 4.Нефрит жолымен Қырай патшаларына, бай-шонжарларға Қашқардан тасылатын нефрит-зергерлік асыл тастар. 5.Құндыз жолымен-бағалы аң терілері тасымалданған. 6.Дала жолы б.э.д.1-мың жылдықтың ортасында қосылды. Ол арқылы Қытайда өндірілетін қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. 7."Ұлы Жібек жолы" деген атақ 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы-Фердинанд Фон Рихттофен енгізді. Жолдың бұлай аталуына-Қытайдан тасымалданатын жібек мата себеп болды.8.Түйемен тасымалдаған. 9.Негізгі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Монғолияға қарай жолдар өткен. Осы жолдардың бойында- Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болды.
2.Азия мен Европа елдерін байланыстырды.
3.Лазурит жолы-Мысыр,Иран,Вавилон елдеріне Памир тауларынан өндіретін лазурит тасы тасымалданатын жол.
4.Нефрит жолымен Қырай патшаларына, бай-шонжарларға Қашқардан тасылатын нефрит-зергерлік асыл тастар.
5.Құндыз жолымен-бағалы аң терілері тасымалданған.
6.Дала жолы б.э.д.1-мың жылдықтың ортасында қосылды. Ол арқылы Қытайда өндірілетін қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.
7."Ұлы Жібек жолы" деген атақ 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы-Фердинанд Фон Рихттофен енгізді. Жолдың бұлай аталуына-Қытайдан тасымалданатын жібек мата себеп болды.8.Түйемен тасымалдаған.
9.Негізгі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Монғолияға қарай жолдар өткен. Осы жолдардың бойында- Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болды.