Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.
1.Күрделі зат есімді табыңыз
D) Өнеркәсіп
2.Ұяң дауыссызға аяқталған сөз
Е) жүз
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.
3.Антоним сөзі бар мақал-мәтел
А) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.
Бұл жерде антоним сөздер: аз - көп
4.Тұйық буынды қатарды көрсет
С) ас үй
Тұйық буын дегеніміз- дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыспен аяқталған буын.
5.Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Кел,балалар,оқылық!
Сөйлемде баладарды өзіне қаратып, оқуға шақырып тұр.
6.Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
D) Шолпы, білезік, сырға, сақина
7.Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
D) Әдемі қыз.
Қандай қыз? әдемі қыз
8.Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
В) Мемлекеті
C) Мемлекеттік.
Жұрнақтар: ті, тік
9.Тұйық етістікті белгілеңіз.
А) Демалу
10.Сілтеу есімдігі берілген қатарды белгілеңіз.
D) анау,біз,әне
Сілтеу есімдігі- бір нәрсені көрсету мағынасын білдіреді.
11.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
С). ана, шеше
Синоним дегеніміз- жазылуы әртүрлі, мағыналары бірдей сөздер.
12. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын анықтаңыз.
В) Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
13.Абай қай қалада білім алды?
В) Семей
14. . «Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болсам десеңіз - ...»
өлеңінің авторын табыңыз.
Е) Абай
Өлеңнің аты- ғылым таппай мақтанба.
15.Бастауыштың сұрақтарын белгілеңіз.
В) Кім? не?
Бастауышты зат есім деуге де болады.
16.Жанды зат есім қатарын табыңыз.
А) Бала, әке, іні
17.Берілген дыбыстың анықтамасын белгілеңіз.
[а ] - ...
Е) Дауысты, жуан, езулік, ашық
Суреттен көруге болады.
Суреттен көруге болады.На фото.
18.Заттың түрін, түсін, дәмін, сапасын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
D) Сын есім
19.Сын есімнің түрлерін анықтаңыз.
А) Сапалық, қатыстық
20.Лексика зерттейтін саланы белгілеңіз.
С) Сөз мағынасы
21. "Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
Е) қуану
22.Тура мағынылы сөзді көрсетіңіз.
Д) жылы су
Жылы су тура мағыналы сөз. Қалған сөздерді көре де, ұстайда алмаймыз сондықтан ол сөздер тура мағыналы бола алмайды.
23.Қай сөзде «у» әрпі дауысты дыбыс болып тұр?
А) бару
У дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін, дауысты дыбыс бола алады.
24. Антонимдер қатысқан сөйлемді табыңыз.
C) Үлкендері, кішілері үйге кірді.
Сөйлемдегі антоним: үлкентер- кішілер
Антоним дегеніміз- мағыналары қарама - қарсы сөздер.
25.Тәуелдік жалғауларын табыңыз
С) -м, - ым, - ім.
Мысалы: менің затым.
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.