"отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз –жан әкешім, "әке - асқар тау, ана- етегіндегі бұлақ, - жасындағы құрақ" деп тегін айтылмаған болар. ата-анасын, аға-сіұңілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген , менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. осының бәрі "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің "деген мақалға сай келіп тұр. яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі . "үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір өмір сүреміз. еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. мен өз отбасыммен мақтан тұтамын.
Қыс туралы тақпақтар.
Қыс күні
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні!
* * *
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні!
* * *
Аққала – ақ бала
Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Ақ бала жасады аққала.
Ақ қар жатыр далада.
Көңілді қыс!
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
* * *
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.
Жауды,міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
Үстін жауып көлдердің,
Бетін бүркіп белдердің.
Жастық етіп тауды асқақ,
Жантайыпты жамбастап.
Уақыт мол бөлеміз,
Қыс қызығын көреміз.
Сары аязға шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.