Хан Тәңірі шыңы Қазақстанның ең биік нүктесі, Орталық Тянь-Шаньның ең әдемі шыңдарына жатады.
Үшкір пирамидаға ұқсас мәрмәр шың барлық жерден
көрінеді. Бұл шыңға байланысты неше түрлі аңыздар бар,
оның басқаша аты Тәңіртау немесе Қантау, соңғы атаудың
себебі кешкі күн батқан уақытта шыңның түсі қызғылт
түске боялады. Жетімыңдық шыңдардың ең солтүстікте
орналасқаны осы Хан Тәңірі шыңы.
Хан Тәңірі шыңына шығу тым қиын, сондықтан
альпинистер мен эксремалды туризм ұнататындарға өте
қызық. Қазақстанға шыңның солтүстік жағы қарайды. «Хан
Тәңірінің солтүстік жарына» шығу көптеген
альпинистердің арманы болып саналады.
Хантәңірі шыңы теңіз деңгейінен 7010 метр биікте тұр.
Шыңның оңтүстік бөлігі Қытайға, батысы Қырғызстанға
қараса, солтүстіктегі бөлігі біздің елге тиесілі.
Хантәңірі шыңы жайлы деректер ертедегі жиһангездердің
жазбаларында кездеседі. Дегенмен ғылыми тұрғыдағы
алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырда орыстың әйгілі
саяхатшысы Петр Семенов-Тянь-Шанскийдің еңбегінде
тіркелді. найдите слова с родительным падежем
ок.
Объяснение:
Kaрдышьян лулвппд апарак