Hap
«КҮЙ АҢЫЗЫ» өңГІМЕСІ
Тірек сөздер
Есі салт атты адырдың басына желе-жортып
Күйші
шықты да, аттарының басын іркіп, алақан асты-
Домбыра
нап алысты шолды. Төмен қарай көлбеп бара жат-
қан кең жазықтың шетінде мұнартып, оқшау түр-
ған жалаңаш тау көрінді.
- Анау Ипан тауы ғой, - деді жас жігіт қамшы-
сымен нұсқап.
жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның
астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал
қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай буған, басын.
да төбесін көк мақпалмен тыстаған қүндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана
сүпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа
біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып
кеткен. Ердің артындағы үзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген
домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты жасы елуді
алақындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу
өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең үялаған, қағылез кісі. Бул
осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан
қолын түсіре берді де, етсiз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып
алды.
- Бул маңдағы ауыл көшіп кеткен-ау, - деді Естемес ойланғандай бо-
лып.
- Неге? Ауыл ылдида, Ипанның етегіндегі қайнарда болар, - деді жас
жігіт.
- Қыбыр еткен бір қара көрінбейді. Бұл ауылдың малы өрі Ипан аспай,
бергі осы бозда жайылатын еді ғой.
Жаңа ғана Ипанды көргенде балапандай талпынып, сергіген жас жігіт
енді басылып қалды.
- Иә, мал көрінбейді, - деді ол дауысы солып,
Естемес жас жігітке өңі жылып, есіркей қарады.
- Шаршадың, білем, о? Оқасы жоқ, ел болмаса да, қайнарда ат шалды-
рып, тыңайып алармыз. - Ол сол күрсінгендей болды. - Күйшінің өмір
оог
Көркемдегіш құралдары керек