Хат Қалдықтар мәселесі қазіргі қоғамда маңызды мәселелердің бірі болып табылады және оның тиімді
шешімдерінің бірі-қалдықтарды бөліп жинау. Алайда, ең тиімді таптырмас жолы – қайта өңдеу.
Қоқыс полигондары пластмасса, пластик, полиэтилен, қағаз, құрылыс материалдары қалдықтарын
қабылдамайды және сақтамайды. Пластиктен жасалған заттар, бөтелкелер, қақпақтар, қолданыстан шыққан
шамдар, батареялар, құрылыс материалдары мен басқа да қоқыстар жеке-жеке жиналуы қажет. Қоқысты қалай
болса солай лақтырып үйреніп қалған жергілікті тұрғындарға қалдықты сұрыптау мәдениетін үйретуге де уақыт
керек болар.
Өкінішке қарай, шамдар мен батареялар жинауға арналған жәшіктерге тұрғындардың басым бөлігі азық-түлік,
киім-кешек, құрылыс қалдықтарын – бәрін сала береді. Бұл қалдықтарды жинауды, оны өңдеуді едәуір
қиындатады.
Осыған орай, мәселені шешу үшін төмендегі ұсыныстарды жолдаймыз:
Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді заңмен міндеттеу керек;
Кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидиялау сияқты қолдау шаралары қажет
Қоқыс жинау орындарының оңтайландырылған типтік жобасын әзірлеу қажет.
Қоғамдағы түйткілді мәселелер
Қайта өңдеудің зияны
Қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу, сұрыптаудың маңызы
1.
SAT1 — қорытынды баллы 1586 құрады, әлемде орташа балл 1200 (ең көбі 1980)
SAT2 — орташа балл - 1720, әлемдегі орташа балл 1250 (ең көбі 2200)
IELTS — орташа балл - 6,2 (5,7 өткен жылы)
2.
Бірінші модель — жаратылыстану-математика бағыты
Екінші модель — халықаралық бакалавриат бағдарламасы
3.
Физика, математика, химия, биология
4.
Гарвард, Оксфорд, Кембридж
II
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
1. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды - жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет.
2. Әдетте зат белгісін киім –кешектін ішкі жағынан табуға болады. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады.
3. Үтіктеуде шартты белгілерді білу қажет деп ойлаймын, себебі мата әр түрлі болады, соған байланысты тым ыстық температурамен үтіктелетін киімдер немесе жай ғана жылы үтікпен үтіктелетін киімдер болады. Міне, осындай жұқа киімдерді құртып алмау үшін үтіктеудің шартты белгілерін білген дұрыс.