В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
darkbluefox
darkbluefox
02.09.2022 23:59 •  Қазақ тiлi

Хаттың мазмұнына сай сөйлемдерді ретімен орналастыр .Сөздерге зор​

Показать ответ
Ответ:
gubankowauly19
gubankowauly19
05.09.2022 20:32

ОбТабиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат -  адамзаттың өмір нәрі,  қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған.  Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп директоры Қадырова Қаламқас Қылышқызының басшылығымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Фабричный елді мекеніне жақын жерге орналасқан демалыс орнында саяхат сабақ ретінде «Денсаулық күнін» өткізді. «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың» деп айтылғандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Веселая Лариса Анатольевнаның жетекшілігімен оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды.

Бұдан мектеп оқушылары таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алды. Сөзімнің соңында, мектеп ұстаздарына оқушылар атынан алғысымды білдіре отырып, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтқым келеды.ъяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Irresponsibility
Irresponsibility
25.02.2021 09:03

Объяснение:

Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.Намыстың тағы бір көрінісі – қоғамдағы өз орнын белгілегеннен кейінгі қауым алдындағы өзінің адамдық борышы, халқына еңбек ету бағытындағы адамның отансүйгіштік сезімі. Бұл оның ұлттық құндылықтарын түйсінуінен, туған халқымен етенелігін сезініп, оның рухани мұраларына деген риясыз ықыласынан және туған елін қорғауға ұмтылысынан байқалады. Сондай-ақ отбасының мұң-мұқтажын қамтамасыз ету және оны қорғаумен байланысты намыс тағы да көрініс береді. Адам өзі қымбат деп білген нәрсесін неғұрлым қастерлеп, құрметтесе және оған сүйіспеншілік сезіммен қараса – бұл намыстың белгісі. Демек, намыс адамға тән асыл ізгі махаббат сезімімен тығыз байланысты. Махаббат намыстың сезімдік қайнары болса, намыс махаббаттың құндылықтық мәні, әрекеттік қыры. намыс адамның жігерін жанып, ерлік пен тәуекелге жетелейтін, табандылығын арттырып, қажыр-қайрат беретін қуат. Намыс жайлы Мұхаммед пайғамбар(ғ.с.) хадисінде былай делінеді: “Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс”. Яғни баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота