Хаттың құрылымына қатысты сұрақтарға дұрыс жауап береді.
2. Хаттың тілдік ерекшеліктері мен құрылымын сақтап, хатта Қазақстанның табиғаты туралы азады.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Хаттың 1-жолында қандай сөз (сөз тіркесі) жазылады?
1-абзацта қандай сөйлемдер жазылады? Мысал келтір.
2-абзацта қандай ақпараттар жазылады? Мысал келтір.
3-абзацта қандай сөйлемдер жазыылады? Мысал келтір.
Хаттың соңында қандай фраза жазылады? Тағы қандай ақпарат соңғы жолға жазылады?
2-тапсырма. Сен шетелдік досыңа хат жаз. Хатыңда «Көкшетау – Қазақстанның Швейцариясы» деген тезисті қолдан және Көкшетаудың табиғатын сипаттап жаз. Досыңды Көкшетауға шақыр. Хат құрылымын сақта.
Тірек сөздер:
Сәлем хат / Сәлеметсің бе / қалай / қандай / жаңалық / демалыста / Қазақстанның табиғаты / көрікті жерлер көп / Қазақстанның Швейцариясы / Бурабай көлі / мөлдір / қарағайлы орман / Оқжетпес / Жұмбақтас / аңыздар / кел / күтемін / сәлеммен
Дескриптор:
1. Хаттың құрылымы сақталған.
2. Көкшетаудың табиғаты туралы ақпараттар бар: Бурабай/суы/орман/Оқжетпес/ /Жұмбақтас/ аңыздар
3. Көркем жазумен қатесіз жазды.
Үй тапсырмасы: Қазақстанның көрікті жерлерінің бірін таңда. Сол жерге саяхатқа бару туралы хабарлама жаз. Жұмысыңды мұғалімге WhatsApp желісі немесе e-mail арқылы жібер.
Өзгелік етіс - Понудительный залогПонудительный залог образуется при суффиксов -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Этот залог отсутствует в русском языке. Он обозначает “заставить, понудить, попросить, позволить, совершить какое-либо действие или принять иную форму состояния” и образуется при суффиксов. Например: Біз оған өлең айт-қыздық. - Мы заставили его читать стихи. Мен көйлек сатып ал-ғыз-дым. - Я попросила себе купить платье.
Ортақ етіс - Взаимный залогВзаимный залог - переводится как “совместно, одновременно с кем-то делать что-то” или “одновременно с кем-либо находиться в определенном состоянии”. Он образуется при суффиксов -с, -ыс, -іс. В русском языке подобный залог отсутствует, а взаимно-совместное значение выражается глаголами возвратно-среднего залога. Например: Мен досыммен құшақтастым. - Я обнялся с другом. Олар хат жазысты. - Они переписывались.
Менің арманым
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.