Ана бізді қолдайтын адам.Біз қандай болсақ та бізді жақсы көреді.Анамыз бізге өмір сыйлады ,өз мейірімін төкті.Ата - анамыз бізді жаман əдеттерден аулақ болуға тəрбиеледі .Анамыз бізді жаман адамдардан қорғады.Кейбір балалар өз анасын сыйлайды ,оның еңбектерін құрметтейді ,ал кейбір ерке балалар өз анасын көп ренжітеді .Ал басқа көпбалалы отбасындағы балаларға мейірім жетіспейді, сондықтан ол балалар көп мұңаяды. Аналарыңды жəне оның еңбектерін бағалаңдар,ол сені жарық дүниеге əкелді, өмір сыйлады . Мен өз анамды жақсы көремін.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.