Хелп с каз.яз Сілтеу есімдіктері бар қатарды белгіле.
Досым, сен судың не үшін керек екенін білесің бе?– Әрине, білемін. Сусыз өмір жоқ. Неге олай ойлайсың? Себебі су адамдарға, аң-құсқа, өсімдіктерге қажет. Сусыз тіршілік болмайды. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Біздің әр күнімізді сусыз елестету қиын. Себебі біз оны таңертеңнен кешке дейін пайдаланамыз. Таңертең тұрып беті-қолымызды жуамыз, шай ішеміз, тамаққа қосамыз, анамыз біздің кір қылдырған киімдерімізді жуады, бақшадағы гүлдерді суарамыз. Сен «Судың да сұрауы бар» деген мәтелді қалай түсінесің? Суды бостан-босқа ағызбау керек. Оның да шегі бар. Суды үнемдеп қолдануымыз қажет. Су – өмірдің байлығы. Иә, суды үнемдеп қолданған дұрыс. Бұл ең дұрыс шешім. Себебі суды үнемдеп қолданбасақ, таусылып қалуы мүмкін. Өзен-көлдегі сулар да таусыла ма? Қалай таусылады? Әрине, табиғатты қорғамасақ, олар да таусылады. Адам аштыққа шыдаса да, шөлге шыдамайды. Сондықтан суды қадірлеу керек.
Анау, әне бұл
Бұл, анау, ол
Осы, қашан, сен
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.