ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Бұл ұлт болшағы үшін маңызы зор қадам. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интербелсенді тақта, бейне және аудио қондырғыларды қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. 2-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр. (Составьте 3 вопроса по тексту)
1.
2.
3.
Қалалар бірден бой көтермейді. Оның құрылуы үшін ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар қажет. Сырт келбетін өзгертіп, уақыт талабына сәйкес дамиды. Әр ұрпақ оның жылнамасына өз үлестерін қосып, болашақты болжайды...
Астананың тұңғыш мерейтойы да он жылдықтармен емес, керісінше, ғасырлар бойғы ауыр сынақтар, үлкен жетістіктер, есте қалатын оқиғалармен өлшенетін өзіндік күрделі тарихқа бай.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімі қаламыздың тарихын түбегейлі өзгертіп жіберді. Кеңес Одағы ыдырап, елдің бәрі жұмыссыз қалып, ел енді ғана еңсесін көтере бастаған тұста бұл шешім үлкен сынға ұшырады.
Алайда, алғашқы он жылдың өзі осы шешімнің арқасында Қазақстан картасында бүкіл әлем тамсанатын, еліміз боп мақтанатын қаланың пайда болғанын көрсетті.
Қазақстанның жаңа астанасы бейнесінде саяси, рухани және пәлсапалық мән жатыр. Бұл - жай ғана мегополис емес. Бұл – мемлекетіміздің қайта жаңғыруы. Астана қазақстандықтардың арманы, мақсаты, болашағы мен үміті байланысқан қалаға айналған.