Хикметтен алынған үзіндінің көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, 60-70 сөз көлемінде әдеби эссе жазыңыз. «...Үлкен-кіші а қ кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?..»
Ұлы Отан соғысындағы қазақтың қос Батыры Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллиннің шынайы достығын, бір-біріне деген терең құрметін айтып берейін.
1942 жылдың ақпан айы. Түкірігің жерге түспейтін аяз. Бауыржан Момышұлы басқарған полк бір түннің ішінде алты қыстақты немістерден тартып алды. Соғыс тарихында бір бекіністің қолдан-қолға бірнеше рет көшетіні қайталанатын жайт. Мұны білетін Баукең қорғанысты күшейтуді ойластырды. Неге десеңіз, бұлар үшін де әлгі қыстақтардың маңызы күшті болатын. Тоғыз жолдың торабы еді ол. Қыстақтардан немістерді қуып шыққанымен олардың бірнеше полктен тұратын күші тосқауылда тұрған.
– Апырай, қапыда қалмасақ жарар еді. Күзетшілер жаудың келіп қалғанын қалай байқамады екен, –деп ілгері жаққа көз жіберген Баукең қарсы шабуылға шыққан қарақұрым жау тобын көріп қалды. Ұшып тұрып команда берейін десе, бораған оқ бас көтертер емес. Жанындағы батальон комиссары Гусев ауыр жараланып, құлап түсті.
Кенет оның қырағы көзі үйлерді тасалай, бұқпантайлай жүгіріп келе жатқан кісіге түсті. Тани кетті. Мәлік екен, жүрегі жылып, бойына ыстық қан жүгіргендей болды. Қайдан шыққаны да белгісіз. Ешнәрсеге қарар емес. Құстай ұшып, бұйрық беріп барады. Оның дауысы шығуы мұң екен, оң жақтағы күртік окоптардан әуелі біреу, одан кейін бес-алты, ал олардың соңынан тұтас автоматшылар ротасы дүркірей көтерілсін кеп. «Уралаған» топ біздің әскерлер шебіне жақындап келіп қалған немістерді оқты қарша бората қарсы алды. Таң алдындағы осы қанды шайқасты тілмен айтып жеткізу қиынның қиыны еді. Өліспей беріспейтін екі жақ та әп-сәтте араласты да кетті. Бұл кезеңді пайдаланған кейінгі жауынгерлер де ес жиып, алға ұмтылған еді. Атылған мылтық, қоян-қолтық алысқан жауынгерлер, айқай-шу, ыңырана құлап түсіп жатқан адамдар…
Інісі Мәліктің дәл осы жолы қайталанбас ерліктің үлгісін көрсеткенін Баукеңнің өзі де біліп, көзі көріп тұрды.– Жау жанал-қымнан алып, оқыстан тигенде Мәлік болмағанда, – дейді ол. – Тірі ме екен өзі… Жігіт болса осындай болсын. Оның бастағанына еріп, жауға қарсы алғаш жалғыз өзі атылған сұңқар кім екен? Баукең адъютантын осы деректерді біліп келуге жұмсады. Ол жүгіріп кетісімен қыстақ бойындағы көшелердің бойымен ақырын аяңдап келе жатқан Мәлік көрінді. Жас сұңқар аяғын әзер-әзер басып, ілбіп келеді. Бірақ, жүзінде жылылық, қуаныш, тіпті күлкі нышаны байқалатын сияқты.
Міне, бұл Баукең мен Мәлік ағайдың неміс басқыншыларына қарсы қоян-қолтық соғысының бір көрінісі. Олар мұндай қанды шайқастың талайын басынан өткізді. Екі ер бір-бірінің батырлығына қатты сүйсінді, риза болыс-ты.
Міне, біздің заманымыздың батырларының біріне-бірі берген бағасы, сүйіспендігі осындай. Халқымыздың аса ірі тұлғалы қос батыры бойларындағы асыл қасиеттерін осылай бағалаған. Жазудан, сипаттаудан танбаған. Мәлік аға 1943 жылы соғыста жүргенде Бауыржан туралы былай жазған екен:
«Тылдағы кейбір жолдастар Бауыржанды долбарлы қара күштің, қолма-қол ұрыс, айғайдың иесі деп бағалайтын сияқты. Бұл қате. Бауыржанға берілген теріс баға. Ең алдымен Бауыржан ақыл мен ойдың иесі, барлық қасиеті бойына жиналған, адамгершілігі, ерлігі, жігітшілігі күшті, шын мағынасындағы қолбасшы, командир».
…1956 жылы көктемде Бауыржан Момышұлы отставкаға шығады да біржола Алматыға келеді.
– Әй, Мәлік, осы сірестіре амандасуға тойдық қой, келші, бауырларша бір құшақтасайық, – деп екі қолын қыранша кең жазып жіберді. Екі батыр құшақтарын жаза алмай, бір-біріне жабысқан күйі ұзақ тұрды. Сағыныштың желімі оларды тіпті жіберер емес.
…1973 жылдың 2 қаңтарында Мәлік аға кенеттен дүние салды.
Баукеңнің батыр інісі туралы айтқаны, берген бағасы. Ол інісінің бойындағы асыл қасиеттерін жоғары бағалаған, өзін сыйлап, құрмет тұтқан, басқаларға үлгі еткен. Сол сияқты Мәлік ағаның да Баукең туралы аз айтпағаны белгілі. Ағай дүниеден өткеннен кейін ол кісінің мұрағатынан Баукең туралы жазған ұзақ жырлары табылды.
Осы ұзақ жырда Мәлік аға Баукеңнің шыншылдығын, батырлығын, адамшылығының жоғары екенін суреттейді. Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып жүргенін жырлайды. «Өсер елдің ұлдары бірін-бірі батыр дейді», дегендей, қазақтың қос батыры өмір бойы бірін-бірі жырлап, сипаттап өтуі кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ.
Туған жер – алтын бесік
Менің туып-өскен жерім, кіндік қаным тамған жерім – ауылым. Ауыл деген, ойпырым-ай, еске түссе, көзден жас шығып, бетіңнен күлкі кетпес! Балалардың у-шуы, кемпір-шалдың дүбірі, сарқыраған су, табын-табын жылқы шабуы әлі де есімде...
Шіркін, әжем айтқандай, «Өткен өмір - соққан жел» деп, биыл, міне, мектеп бітіріп, азамат болдым. Енді бірнеше жылдан соң жоғары білім алып, өз мамандығым бойынша жұмыс істемекпін. Міне, кешегі көбелек қуған қазақтың қара домалақ баласы бүгін ер жетіпті.
Мен атам мен әжемнің қолында өскендіктен бе, әлде ... кім білсін?! Туған жер дегенде кешегі шал-кемпірлерім есіме түседі.
Жаздыгүні бір қызық... Атам таң атпастан ат жегіп, бізді оятатын. Мен сіңлім екеуіміз созылып-керіліп оянғанша, күн сәскеде. Әне-міне дегенше киініп, ат үстінде (яғни ат арбаның үстінде) саяхатқа дайын отырамыз. Атамыз өзінше жоспар құрып, ауылдың ана шеті мен мына шеті бойынша карта жасайды. Ең бірінші біз жидек жинауға барамыз. Жол-жөнекей ән айтып, жолда кездескен зираттарға құран қайтарып, шілікке де жетеміз. Шілік дегеніміз жидектің тұнып тұрған жері еді. Сол жерде қымыз дәмін шығаратын шөптен де аламыз. Жидек жинаған тағы бір қызық. Менің анам қатал адам. Неге екенін білмеймін, мүмкін сіңлім екеуімізді жалғыз өсіргендіктен. Әйтеуір бір жидекті аузымызға түсірмейді. Сонда марқұм атам жидекті тақиясына жинап, шөптің арасына тығып қояды. Түгеліміз жиналып, енді атқа отырар кезде, ол тақиясын алып шығып бізге беретін.
Келесі карта бойынша қарақат теруге барамыз. Бұл жерде, әрине, аузымызға біраз нәрселер түсетін. Себебі, қарақаттың биіктігі жидекке қарағанда тығылуға болатын. Мен тығылып, қарақатқа жақсылап тұрып, тойып алып қып-қызыл аузыммен шығамын. Сонда қарақат жинаған шелегім тап-тақыр бос. Әрине, анамнан біраз сөз еститінмін, бірақ қарын тоқ болғасын, оны уайымдайтын Медресегүл қайда?! Сонымен одан әрмен жылжығасын біз үш құдыққа да жетеміз. Сонда Үш құдық дегеніміз қазіргі артезиан, бірақ үшеуі де бір өзенге тоғысқан. Сол жерде шомылып (атам да жасы сол кезде 78-де болса да, бізбен бірге шомылып), доп ойнайтынбыз.
Шынымен, «жас кезінде бір бала, қартайғанда бір бала» деген осы. Атамның бетіндегі күлкісі әлі есімде.
Кеш бата біз ауыл сыртына жақын келгенде, атам шалғысын алып, малға шөп шауып алатын. Сонымен күн ұясына батқасын үйге өлердей шаршап қайтамыз. Бағанағы тақиясын шешкен атам түгелімізді күлдірді. Өйткені жидек тергенде, жидектің қызыл түсі тақиясында қалып, атамның басы қып-қызыл болды. Көрші-қолаң, көшедегі балалар атамды «қызыл бас» деп атап кетті.
Міне, бұл менің өмірімдегі және ауылымдағы бір күндік оқиғасы. Сондықтан ауыл, қария, кемпір-шал деген сөздер менің есіме бүкіл өмірімді, туған жерімді түсіреді. Бұл менің балдай тәтті бала кезім. Туған жерге деген ыстық сезім, ауылымның елесі, алтын бесіктей табиғаты әлі де көз алдымда...