Https://youtu.be/TPolTfuzkHk Вот мультик
1. Патриотизм дегеніміз не?
2. Ертеде кім өмір сүріпті?
3. Ол неге адамдаға ренжиді?
4. Нұх айдаладағы тауға не үшін барды?
5. Нұх балаларына қандай тапсырма берді?
6. Кемеге кімдерді жинады?
7. Қарғаға қандай тапсырма берілді?
8. Қарлығашқа қандай тапсырма берді?
9. Кемедегі жануарлар неге ренжіді?
10. Теке жануарларға қандай ұсыныс жасады?
11. Теке кімдердің құқығын қорғамақ болды?
12. Кемедегі тыныштықты кім бұзды?
13. Арыстан кімдерді жазаламақшы болды?
14. Жануарлар не ұйымдастырды?
15. Кеменің тесігін бітеген жылан қандай талабын айтты?
16. Жылан неге бақаның қанымен көректенетін болды?
17. Қазығұрттың басында не қалды?
18. Халық неге сол жерді қасиетті деп айтады?
Это вопросы
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Объяснение:
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Қайырымдылық көрінісі
Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады