Иә, көк мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ сол кімінің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған
сағынышты жар ма, алыстан қол созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқыр сұлу
ма, қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара
өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер нені бейнелеген болды? Алыстағы жарын
күткен сағынышты бейнелесе, қасысына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып алатыны несі?
Сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіңе баурап, қараған көздің шырқ айналып шыға алмайтыны
қалай? Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымның алыстағы жарына деген пейілін емес,
өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген. Өліп-өшкен махаббатын бейнелеген... Иә солай. Көк
мұнараның сыйқырына ол енді түсінді... Бәйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың
жауабы енді табылды.
Спорт туралы диалог.
- Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...
- Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.
- Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?
- Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?
- Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.
- Қандай керемет! Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?
- Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.
- Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!
- Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар; қ. Биосфералық қорық.[1]