I. Оқылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңы/ Прочитайте
внимательно текст намнанне аанна.
Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың калың беделінде
ұйықтап жатады. Бір тышкан ойнактап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті
Арыстан ұйқысынан ыаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өтірмекші
болғанда тышкан жалбарынып:
Таксыр, мені елтірмеңізші, бір жолға кешіре коріңіз. Бір күні мен де бір
кызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп.
- Сен өзің кішкентай бір тышкансың, менің қандай қызметіме жарамаксын,- деп
жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс куанып, арыстан досым»,-
деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың курган
тұзағына түсіп қалыпты. Шарк ұрып тыпырлап, акырып-бакырып жатса да
ұзактан кутыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышкан арыстанның бұл халін көріп, қасына
келіп карап тұрса, сонда арыстан тышканга карап
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұрақтың
жіптерін кеміріп киып кеп жіберіп, арыстанды түзактан кұтқарыпты. Тышкан
арыстанға
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып
калдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы
болатынын жақсы түсінікті.
(150 сөз)
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. ( Назовите текст в соответствии с его
содержанием)
1
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. Найдите в тексте
синоним данного слова
[E
Өлімнен -
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
Напишите ответы на вопросы по содержанию текста.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!