I.Жазылым. Берілген макалдардың тақырыбын бiрiн тандап, эссе жазыныз. Жазылым мәтінінде етістіктің шақтарын, оқшау сөздерді, сан есімдердi колданыңыз. 120-140 сөз. Диалог такырыптары: 1. «Білегі күшті бірді жығады,Білімі күшті мыңды жығады.» 2. «Шын батыр сын үстінде танылар» 3. «Жас келсе iске>> [10]
Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Орта ғасырдағы Орта Азия елдерінің көрнекті ғұлама ғалымдары: Әбу Райхан Бируни, әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек, әл-Фараби т.б.Әбу Райхан Бируни 973 жылы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Ол 150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған. Бируни еңбектерін араб тілінде жазды. Оның «Үндістан», «Масғүд каноны» т. б. еңбектері біркатар шетел тілдеріне аударылған. Бұл кітапта үнділердің астрономиялық және математикалық білімдері талданған, сонымен қатар сол кездегі Үндістанның табиғаты, халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі суреттелген. Әл-Хорезми Aлгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі еңбегі «Китаб ал-жабр ва мукабаа» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны «алгоритм атасы» деп атаған. Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.