«Иә, жоқ» 1. 1918 жылы Қазревком құрылды.
2. 1920 жылы 9 наурызда Алашорда үкіметі құрылды.
3. 1920 жылы 26 тамызда Қаз АКСР құру туралы декрет жарияланды?
4. 1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қаз кеңес-ның құрылтай съезі болып өтті
5. 1920 жылы 5 қазаны қазақ кеңестік ұлттық мемлекеттің туған күні болды
6. Шекара 1 871 239 шаршы верст құрды
7. 1925 жылы 15-19 сәуір аралығында V съезде қазақ атауы қалпына келтірілді.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Тұрар Рысқұловқа мінездеме
Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде. Әсіресе, солардың ішінде экономика және қаржы-қаражат мәселелеріне арналған еңбектерін ойшылдар мен жас ғалымдар әлі күнге дейін іздеп оқиды.
Қазақ әдебиетінде Тұрар бейнесін жасау жолында алғаш қалам тартқан Мұхтар Әуезов еді. Тұрар Рысқұловтың көзі тірісінде-ақ жазылған «Қараш-қараш оқиғасы» повесі жұртшылықтан жоғары баға алған болатын. Оны оқыған Т.Рысқұловтың ағыл-тегіл егіліп жылағанын жазушы Шерхан Мұртаза өз кітабында шебер суреттейді.
Шындығында, оқырман қауым Т.Рысқұлов жайлы біраз жағдайларға қанық болғанымен, оның өмір жолын түгел қамтитын, ұлт мақтанышы бейнесін жоғарыдан көретін туынды әлі дүниеге келе қоймаған еді. Сол кезеңде зиялысынан адасып қалған ұрпақты ардақтысымен қауыштыра Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы әдебиет әлемінің есігін ашты.
Ол туралы Т.Мәмесейіт былай дейді: «Біздің жоғалтқанымыз қазақ деген соры қайнаған халықты қайтсем бақытқа жеткіземін деп жанпидалықпен күрескен арыстарымыз еді алдымен. Олар біздің өткеніміз, тегіміз, руымыз еді ғой. Зорақы заман бізді содан айырғысы келді. Мәңгүрт жасағысы келді. Міне, сол оталған арыстарымыздың бірі және бірігейі Тұрар Рысқұлов еді. «Қызыл жебе» хамсасы» арқылы біз алдымен сол Рысқұловты таптық және таныдық. Ал, Рысқұлов тағдыры халық тағдыры. Өйткені, оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар халық тағдырындағы, тарихындағы шындықтарды елестетер еді. Сондықтан да, Рысқұловты тану халықты тану деген сөз. Халықты тану өзіңді тану» Осы реттен келгенде, «Қызыл жебе» ұлттың рухын түлеткен, рухани ұстазына, көш бастар көсеміне айналған шығарма болды.
Аталмыш романның негізгі кейіпкері Тұрар Рысқұлов. Автор оның жас шағынан бастап өскен ортасын, өмірден көрген-түйгенін, алған әсерін жан-жақты кең, байсалды суреттейді. Жастайынан көрген қиыншылық, жеген таяқ, аянышты тіршілік пенде атаулының пешенесіне жазыла бермейтін қатал тағдырды танытады. Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды өзіне үлгі етіп өсті. Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын мінезін ұғып өсті.
Оқырман алғашқы кітаптан-ақ, болашақ большевиктің мінезі қандай ортада, қалай қалыптасқандығы туралы жанымен ұғып, көңілмен танитын мол мағлұматтар алады.