III бөлім бойынша бақылау жұмыстары 1. Дұрыс жауабын белгілеңдер.
1. "Ұшқан үя" шығармасында Бауыржанға арабша хат тануды үйреткен кім? a) әжесі; ә) молда; б) көкесі; в) әкесі.
2. «Аққулар ұйықтағанда" шығармасындағы оқиғаның шиеленісуін табындар: a) тәуіп айтқан ем; ә) ананың аққуды атуы; б) баланың өлімі; b) ауру бала.
3. Төмендегі өлең жолдарын оқыңдар. Жамалдың «жапалақ» дегені кім? «Оралдың ілер деуші ем ақиығы, Бір жаманға тең еттің, Шынымен жапалаққа болам ба қор». a) Ғали; ә) Байжан; б) Жұман; в) Ғазиз.
4. Сәйкестендіріңдер.
a) Қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де. Бүгін көңілденетін
Омар
күн еді, ән салатын күн еді.
Қамажай
ә) ә) Сіз конференцияда лекция оқып түрған жоқсыз, сондық-
тан нақты сөйлеңіз.
Нәзила
б) Енді жамау костюм киюім қалған екен ғой. Түу, осы
үйден бір береке таппай-ақ қойдым-ау!
Тимур
b) Бақыт деген - жеңіс немесе жеңіліске апарар күрес.
5. «Әпке» шығармасында үй жиналысының өткізілуіне қандай мәселе түрткі болды?
a) Омар үйленетін болғандықтан; б) Қамажай мен Тимурдың үйленуі; ә) Нәзиланың еркелігі;
b) Омардың зерттеу жұмысы.
6. Қай шығарма кейіпкері және кімнің портреті берілген?
"Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, азырақ бетінде қорасан дағы бар, жаңа мирт шығып келе жатқан».
a) "Ұшқан үя", Момынқұл; б) «Әпке», Тимур; ә) «Бақытсыз Жамал», Ғали;
b) «Бақытсыз Жамал», ұстаз.
7. Қай шығармада эпилог кездеседі?
a) «Үшқан ұя"; ә) «Әпке»;
б) «Аққулар үйықтағанда»;
b) «Бақытсыз Жамал».
8. «Бақытсыз Жамал» романының негізгі идеясы қандай?
a) салт-дәстүрді дәріптеу; ә) үлкенді сыйлау;
б) білім алуға шақыру;
b) қыздардың бас бостандығы.
9. Берілген мақал-мәтелге тән шығарманы сәйкестендіріңдер.
Тәрбие - тал бесіктен
«Әпке»
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
«Бақытсыз Жамал»
Қыздың құны - қырық жеті
"Ұшқан ұя"
Баланың білегі ауырса, ананың күрегі ауырады "Аққулар ұйықтағанда"
10. "Ұшқан ұя" шығармасында жазушының отбасын Гончаровтар отбасымен не
байланыстырушы еді?
a) балалардың достығы; ә) баспана;
б) малшаруашылығы;
b) шабындық.
«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Әлем мәдениеті - "ғаламдық ауыл" ретіндегі әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған адамдар арасындағы қарым-қатынас пен биліктің жаңа жүйесі. Жаһандану және жоғары технологиялар ғасырында қоғам ұдайы мәдени, экономикалық немесе саяси өзгеріс үстінде. Адамдарға қауіпсіздікте гүлденіп, дамитын бейбіт элем қажет. Қауіпсіздікке, түрақтылық- қа және тиімді дамуға жетудің негізгі жолы - қазіргі барлық мәдени үстаным- дардың түбегейлі өзгеруі. "Әлемдік мәдениет жүйесін" құру объективті әрі тепе-теңдікті ұстанатын, этикалық нормаларға сүйенетін бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) құру. Бұл әлемдік мәдениеттің жаңа жүйесі әрі жек көрушілік, сенімсіздік, қақтығыс пен соғыс тудыратын қарабайыр мәдениетті "ғаламдық ауылымыздан" ығыстырып шығаруды көздейді.