III Хабарландыру
2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі кұндылықтарды
жаңгырту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байкау өтеді. Бұл байқауға
аймақтан коттеген отбасы қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады.
Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамы
Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы
Отетін орны. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нурсәт
молитскауданы, Астана даңғылы, Ne6 мекенжайында орналасқан «ЖШанин
атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны гимараты. Басталуы сағат 14 00-де
Ескерту: Байқауға қатысушылар жол мен баспана каражатын өздері
көтереді.
Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия
ұсынады. Келемін деушілерге есік ашық!
3. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп
ойлайсыз ба? Өз пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.
Көмктесіндерш көмектесіндерш өтініш
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Көшпелілердің негізгі мекені солтүстікте Сібірдің қалың ормандарынан оңтүстікте биік тау жоталарына дейін, шығысында Хинган тау шоқыларынан батысында Орал тауы, Жайық,Сырдарья өзенімен шектеседі. Бұл әрине ылғи да осылай болмаған.Көшпелілер иелігінің Солтүстік батысы Дунайдан да ары асып,Оңтүстік батыста Амударья өзенінен әрі өтіп, мемлекет құрған кездері, оңтүстікте қазіргі Қытай жерлеріне дейін қоныстанған кездері болған. Ал, негізгі шекара Орал, Жайық, Сырдарья шегі мыңдаған жылдар бойы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің басты шекарасы болып, осы шекараның шығыс беті Ұлы Дала деп аталды.
Ұлы Даланың негізгі иесі түріктер десек, түрік әлемінің алтын бесігі атанған Алтайды жан-жақты зерттеген академик А.П.Окладников бастаған ғалымдар Алтай тұрғындары жасап, пайдаланған тас құралдардың жасын екі жүз мың жыл деп анықтапты. Осы екі жүз мың жыл ішінде Ұлы Дала перзенттері ақыл-ой, қабілеті дамуымен қатар, сан жағынан да өсіп-өніп, көбейе беріпті.
Өздерін ақсүйек санайтын Еуропа елдері – Ари әулетіне жататын француз, неміс, италияндықтарда әлі жазу-сызу болмай тұрғанда, орыс, славяндықтар әлі де қауымдық дәуірде өмір сүріп жатқанда, Ұлы Далада түркілердің жазуы, жоғары мәдениеті болғаны дәлелденген шындық. Ал, түркілердің төл жазуы қашан пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Шумерлер мен хаттардың, маялықтардың өркениетін есепке алсақ, түркі халықтарының өркениетінің басы б.д.д. мыңдаған жылдарға кетеді.
Көшпенділер алғашқы болып металл өңдеуді, темір қорытуды игерді.
Көшпенділердің қолынан шыққан теңдесі жоқ асыл бұйымдар кейіннен «скифтердің аң стилі» деген ерекше атауға ие болып, әлем халықтарын таңдандырумен келді.
Олардың байлығы, сән-салтанаты ұстанған бұйымдары мен киген киімдерінен де көрінетін. Орта ғасырлардағы ата-бабаларымыздың ұлттық киімдері мен басқа отырықшы халық өкілдерінің ұлттық киімдерін салыстырып көрсеңіз, кімнің қалай өмір сүргенін көресіз.