В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
VovanBah
VovanBah
02.08.2020 13:56 •  Қазақ тiлi

, иначе мне КОНЕЦ 8-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі ақпараттарды жаз. Мәтінде кездескен сан есімдерді тап. Олардың мағыналық түрлерін ажырат.
Жұмыс және табыс
Жұмыс - адамның кәмелет жасына толғаннан бастап қоғамның әртүрлі саласында арнайы еңбек түрінде орындалатын әрекеті. Жұмыс орындалу ерекшелігіне қарай қара жұмыс және ой жұмысы болып бөлінеді. Қара жұмыс - дене еңбегі арқылы орындалатын жұмыс. Оған шахталар мен мұнай-газ кенорындарында, ауылшаруашылықта, ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларында, сауда орындарындағы адамдардың жұмысы жатады. Ал ой еңбегі ғылыми және шығармашылық, өнертапқыштық бағыттарда жұмыс жасайтын адамдарға тән. Жоғары немесе арнайы оқу орындарында білім алған мамандар елдің саяси, экономикалық салалары мен өнер, ғылыми мекемелерінде, білім ордаларында қызмет жасайды. Өз қызметтерінің ерекшелігіне орай түрлі бағытта зерттеулер жүргізеді.

Жұмыс табыстың негізгі көзі саналады. Жұмыс түрі мен кәсіп салаларына, мамандықтарына байланысты ғана емес, гендерлік тұрғыдан, яғни жынысына қарай да мамандардың табыс деңгейі әртүрлі болады. Зерттеушілер табыс табуда ерлер мен әйелдердің мамандық айырмашылықтарының үш негізгі себебі барын айтады. Д. Бринкерхоф «Әлеуметтану» деп аталатын кітабында бұларды төмендегідей жіктейді:
«1. Гендерлік кәсіптер. Көптеген кәсіп әлі күнге дейін «әйел жұмысы», «ерлер жұмысы» болып бөлінеді. Мысалы, құрылыс ерлерге ғана тән, ал бастауыш сынып мұғалімі болу - (99,5 пайыз) «әйелдің жұмысы» саналады. «Әйел жұмысы» салаларында ерлердің үлес салмағы 0,5-1 пайызға жуық болады. Себебі онда жалақы төмен, табыс көзі аз не жоқ. Онымен бала-
шағасын асырау қиын.
2. Әртүрлі біліктілік. Біліктілік бойынша айырмашылығы аз болғанмен, табысы мол жерлерге ер адамдар көбірек алынады. Ерлер отбасын асыраушы саналады. Олардың жұмысқа қабылдануы оңай. Себебі әйелдердің отбасын құрып, балалы болуына байланысты, бала күтіміне байланысты демалыстан кейін жұмысқа қайта шығуына сенім аз болады. Сол себептен өтілі жеткілікті болса да, әйелдерді басшылық қызметке де көп ұсына бермейді.
3. Дискриминация. Кәсіпорын басшылары, яғни жұмыс берушілер балалы әйелдерден гөрі ерлерді жұмысқа алуды тиімдірек көреді. Олар үшін үміткердің түйіндемесін қарағанда қызметкердің жынысы маңызды фактор болады.
Кейбір жұмыстар қоғамда тек ерлер атқаратын жұмыс саналады да, оларға төленетін
қаржы мөлшері жоғары болады», - деп жазады.
Жұмыс пен табысқа байланысты мұндай жағдай барлық елде, соның ішінде Қазақстанда да кездесетіні жасырын емес.

Показать ответ
Ответ:
angelinaignaty1
angelinaignaty1
19.06.2022 08:32
Ермахан сағиұлы ыбрайымов  (1972 жылы 1 қаңтарда  жамбыл облысының  тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, сидней олимпиадасының жеңімпазы. ермахан ыбрайымов атлантада және сиднейде өткен жазғы олимпиада ойындарында қазақстанның туұстаушы болды. әкесі - ыбрайымов сағи (1937 жылы туған), фермер. анасы - ыбрайымова жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. әл-фараби атындағықазақ мемлекеттік ұлттық университетінің  заң факультетін бітірген (1999), заңгер.
0,0(0 оценок)
Ответ:
tesaf
tesaf
21.07.2020 02:08

Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота