--Сен қай мемлекетте тұрасың? --Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. --Қазақстан Республикасы қандай мемлекет ? --Қазақстан --тәуелсіз мемлекет.Қазақстанның өзінің салт-дәстүрі , мемлекеттік рәміздері бар ел. --Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай ? --Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -қазақ тілі. --Қазақ халқы қандай халық ? --Қазақ халқы қонақжай халық. --Қазақстанда қазақ халқынан басқа тағы кімдер тұрады ? --Қазақстанда орыстар, немістер, татарлар, ұйғырлар, түріктер де тұрады. --Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала ? --Қазақстан Республикасының бас қаласы --Астана. --Қазақстан Республикасының Президенті кім ? --Қазақстан Республикасының Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. --Қазақстанның табиғаты қандай ? --Қазақстанның табиғаты сұлу ,әдемі, мөлдір көлдер, өзендер ,асқар таулар көп.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстык.
--Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.
--Қазақстан Республикасы қандай мемлекет ?
--Қазақстан --тәуелсіз мемлекет.Қазақстанның өзінің салт-дәстүрі , мемлекеттік рәміздері бар ел.
--Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай ?
--Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -қазақ тілі.
--Қазақ халқы қандай халық ?
--Қазақ халқы қонақжай халық.
--Қазақстанда қазақ халқынан басқа тағы кімдер тұрады ?
--Қазақстанда орыстар, немістер, татарлар, ұйғырлар, түріктер де тұрады.
--Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала ?
--Қазақстан Республикасының бас қаласы --Астана.
--Қазақстан Республикасының Президенті кім ?
--Қазақстан Республикасының Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
--Қазақстанның табиғаты қандай ?
--Қазақстанның табиғаты сұлу ,әдемі, мөлдір көлдер, өзендер ,асқар таулар көп.