Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
ответ:әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай. Бұл әліпби қалыптасқан график. жүйе болып табылады және негізінен көне түркі тілінің фонет. жүйесімен үйлеседі. 8 дауысты фонема (а мен ә, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (фонема нұсқалар) 31 әріппен белгіленеді, 11 дауыссыз фонема (б, ғ-г, д, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) жуан-жіңішке нұсқалары таңбалармен ажыратылады. Кейде олар жіңішке әрі жуан әріптің орнына қолданылады. Бұдан тыс 5 дауыссыз фонема (з, м, н, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді. К. т. ж-ның шығу тегі әлі шешіле қойған жоқ. 1893 ж. осы жазудың кілтін тапқан Дания ғалымы В.Томсен (1842 – 1927) көне түркі әліпбиі арамей (парсы-арамей және арамей-соғды) жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынды. Түркітанушылардың дені бұл пікірді қолдады.

Можно лучщий ответ