Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.
Бурабай демалыс орны тұрғысында 1810 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу – сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына айналған. Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған.
Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекеннің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырымдай қашықтықтағы Бурабай көлінің жағасында. Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарихи-мәдени орындар бар.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы Астанамыздың 15 жылдығына сыйлық ретінде ашылған болатын.
Бүгінде елордамыздың көз тоймас жауһарына айналған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры әлемдік стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Театр әлемдік классикалық үлгіге сай ұлттық нақышты ескере отырып салынған болатын. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры өзінің асқан әсемдігімен таңқалдырады. «Астана Операның» жоспарлануы мен құрылысына отандық мамандардан басқа, Ресей, Италия, Швейцария, Марокко және Албания шеберлері де қатысқан.
Үлкен зал 1250 орынға, Камералық зал 250 орынға есептелген. Мемлекеттік опера және балет театрының дыбыс сапасы өте жоғары деңгейде. Акустиканы реттеуде Италия және Германия смамандары атсалысқан.
Театрдың шымылдығы 2013 жылдың 21 маусымында салтанатты түрде М.Төлебаевтың «Біржан Сара» операсымен ашылды.
«Астана Опера» барлық көрермендер үшін ыңғайлы етіп салынған, тіпті мүмкіндіктері шектеулі көрермендер де еш кедергісіз театрға кіру үшін арнайы лифт пен орындықтар ескерілген.
Объяснение: