Используя «ПОПС» формулу, 1. Менің ойымша
2. Себебі, мен оны түсіндіремін.
3. Оны мен деген фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін(қосымша ақпарат көзін пайдалануға болады).
4. Осыған байланысты мен деген шешімге келдім.
Используя формулу POPS,
1. Я думаю
2. Потому что я объясню это
3. Подтверждаю фактами, примерами (можно использовать дополнительный источник).
4. В связи с этим я решил
-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.(Үйде қандай тәрбие көрсең өскенде сондай боласың деген мағынада)
Шешесін көріп, қызын ал. ( Шешесі қандай болса қызы да сондай болады деген мағынада. Мысалы: Шешесі тәрбиелі болса, қызы да тәрбиелі)
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді. (Апасы қандай тәрбие көреді сіңіліңсі де сондай тәрбие көреді.)
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп, сіңілі өсер. (Ағасы не істесе інісі дже соны істейді, ал апасы не істесе сіңілісі де соны жасайды)