Қиян – алыс жеp, шалғай; жеp түбi. Қоныс – малды ауылдың жылда қонып жүpген жеpi; жайлы оpын.
Қайырсыз – қайыры жоқ, жақсылығы, шапағаты тимейтiн.
Адыра қалғыр – қарғыс. Келмеске кеткір, құрып қалғыр.
Қанды – қан аққан, қан төгiлген, қан майдан.
Майлы – жылым ау салуға қолайлы, балығы мол жер.
Шаңды – шаңы мол, боpпылдақ (жеp).~жол.
Абыройын төгу – ар-ұяттан жұрдай ету.
Керегесін кесу – ойран салу.
Бармағын тістеу – опық жеу, өкіну.
Тапсырма. "Үш қиян" толғауының идеясын үш сөйлем арқылы тұжырымдап, қорытынды жазыңдар.
Толька ответь дайте ляғып неще түрлі жазбай
Толығырақ: http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/32352/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.
Тұранның шексіз-шетсіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері:
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!
Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.
Шөлдер бар, жел де жүрмес,сап-сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сар құмда салар ойнақ пері мен жын.
Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған егі-шетсіз Теңіз,Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт —Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай