Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.
Өнерлі болу-үлкен құрмет дейді атам қазақ. Өнер - таусылмас байлық, қазына. Ал оны бойыңа дарытып, сақтай білу - үлкен әрі жауапкершілігі мол іс. Кез-келген өнер түрі арқылы халықтың мәдениетін арттырып, гүлденуіне үлес қосасың.
Мен ән айтуды ұнатамын. Мәнді, мағыналы әндер айту арқылы халықтың өнерге деген талғамын жоғары еткім келеді. Бүгінде әнші көп. Бірақ жаңадан шығып жатқандардың көбі әннің мағынасына көңіл бөле бермейді. Ән арқылы не айтқысы келетінін де білмейтіндер көп. Сондықтан қазақ өнерін мәнді, жақсы әндермен толықтырсам деймін. Оған қоса биді де ұнатамын. Жалпы а ң жан жақты, өнерлі болғаны, алға ұмтылғаны дұрыс.
Өнер иесі болғандықтан адам жан-жақты болуы тиіс. Сондықтан мен ең алдымен білімімді жетілдіріп, өзімді мәдениетті, білімді, өнерлі, адамгершілігі мол ете түскім келеді. Халықпен өнеріңмен бөлісу үшін, өзіңе талап қоя білуің керек деп ойлаймын. Жоғарыда аталған дүниелер бойымда болмаса, онда өнердің де қасиетін кетірерім анық. Өнерлі болу арманым болғандықтан, халқыммен тек жақсымен бөлісу үшін өзімді шыңдай түскім келеді.