В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
TOMIRIBOT
TOMIRIBOT
17.04.2022 01:10 •  Қазақ тiлi

Көл-көсір сары даланы сахна еткен ата-бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен ғұмыр кешкен жоқ. көңіл құмарын қандырарлық талай-талай қызықты да таба білген. сол қызықтың бір ұшығы аңшылыққа да байланысты. жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың қай-қайсысы да өзіндік сырға толы тамашасынан әркімді-ақ еліктіре берген. жай еліктіру емес, жаны сергек ер жігіттің сенімді серігі, қиындыққа тағы өмірлерінің бір мезгілдік арашасындай да болды. сондықтан да қазақтың тіршілік салтында қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. сонымен бірге аңшылық, саятшылықтың өзгеше жақсылығы бар. ол - кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің үндестік табуына ықпал етеді. бұл ретте атамыз қазақ аңшылықты кәсіп емес, өнер санауында да үлкен мән бар. қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. қазақ арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. "бүркіт" - деп қазақ аңшылары жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, қолына тез үйренгіш естісін атаған. мазм вас ! ! много ! главное что бы было много слов!

Показать ответ
Ответ:
ekaterinakuzeny
ekaterinakuzeny
20.09.2020 12:16
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық.
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп  жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота