1 МАМЫР-Қазақстан халқының бірлігі күні.Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар біздің елде тұрса да, өз тілінде сөйлеуге және салт-дәстүрін сақтауға ерікті.Қазақстанда туып өскесін олар менің елім Қазақстан деп айта алады.Жер бетіндегі барлық халықтар достастықта және ынтымақтастықта өмір сүруге тиісті. 1-мамыр мерекесін Қазақстандықтар 1996 жылдан бастап тойлайды.Мектептерде,балабақшаларда мерекелік бағдарламалар болады.Балалар әр өкілдің ұлттық киімдерін киіп,ұлттық тағамдар дайындап,ұлттық ойындар көрсетілімі өтеді. . Көп ұлтты еліміздің ынтымақтастығы, татулығы біздің жарқын болашағымыздың негізгі кепілі деп ойлаймын. Осы мерекемен барлық Қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен құттықтап, береке, бірлік, бақыт тілеймін!
Сөздерді септеп жазу.
Атау септік - қалдық, байлық, айыппұл, таралу, бұзылу, қауіп.
Ілік септік - қалдықтың, байлықтың, айыппұлдың, таралудың, бұзылудың, қауіптің.
Барыс септік - калдыққа, байлыққа, айыппұлға, таралуға, бұзылуға, қауіпке.
Табыс септік - қалдықты, байлықты, айыппұлды, таралуды, бұзылуды, қауіпті.
Жатыс септік - қалдықта, байлықта, айыппұлда, таралуда, бұзылуда, қауіпте.
Шығыс септік - калдықтан, байлықтан, айыппұлдан, таралудан, бұзылулан, қауіптен.
Көмектес септік - қалдықпен, байлықпен, айыппұлмен, таралумен, бұзылумен, қауіппен.
«Табиғат» сөзінің фонетикалық талдауы.
Табиғат – 3 буын: та – ашық, би – ашық, ғат – бітеу.
Т - дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Б – дауыссыз, ұяң;
И – дауысты, жіңішке, қысаң, езілік;
Ғ – дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Т - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.
«Емтихан» сөзінің фонетикалық талдауы.
Емтихан – 3 буын: ем – тұйық, ти – ашық, хан – бітеу.
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
М – дауыссыз, үнді.
Т - дауыссыз, қатаң;
И – дауысты, жіңішке, қысаң, езілік;
Х – дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.
«Қазақстан» сөзінің фонетикалық талдауы.
Қазақстан – 3 буын: қа – ашық, зақ – бітеу, стан – бітеу.
Қ-дауыссыз, катаң;
а-дауысты, ашық, жуан, езулік;
з-дауыссыз, ұяң;
а-дауысты, ашық, жуан, езулік;
қ -дауыссыз, қатаң;
с-дауыссыз ,қатаң;
т-дауыссыз ,қатаң;
а-дауысты, ашық, жуан, езулік;
н-дауыссыз, үнді.
Сөзде 9 әріп, 9 дыбыс бар.
«Оқулық» сөзінің фонетикалық талдауы.
Оқулық: 3 буын – о – ашық, қу – ашық, лық – бітеу.
О – дауысты, жуан, ашық, еріндік;
қ – дауыссыз, қатаң;
у – дауысты, жуан, қысаң, еріндік;
л – дауыссыз, үнді;
ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік;
қ – дауыссыз, қатаң.
Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.
«Сыпайылық» сөзінің фонетикалық талдауы.
Сыпайылық – 4 буын: сы – ашық, па – ашық, йы – ашық, лық – бітеу.
С – дауыссыз, қатаң;
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік;
П – дауыссыз, қатаң;
А – дауысты, жуан, ашык, езулік;
Й – дауыссыз, үнді;
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Л – дауыссыз, үнді;
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Қ - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 9 әріп, 9 дыбыс бар.
1-мамыр мерекесін Қазақстандықтар 1996 жылдан бастап тойлайды.Мектептерде,балабақшаларда мерекелік бағдарламалар болады.Балалар әр өкілдің ұлттық киімдерін киіп,ұлттық тағамдар дайындап,ұлттық ойындар көрсетілімі өтеді. . Көп ұлтты еліміздің ынтымақтастығы, татулығы біздің жарқын болашағымыздың негізгі кепілі деп ойлаймын.
Осы мерекемен барлық Қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен құттықтап, береке, бірлік, бақыт тілеймін!