Күн ұлымын
Күн ұлымын, қолдаушым – Күнім менің!
Күннің нұры бойыма сіңіргенім.
Тұғыр бердiң сен маған елді ойла деп,
Ол тұғырдан шығады үнім менің.
Ұғамысың, халайық, жүрек үнін,
Сен деп соққан сол үнді біледі кім?
Мен дагы - ғаламшардың тұрғынымын,
Сүйеуі – Жер, демеуі – Ай, тірегі – күн!
Биік... биік... мақсатым биік менің,
Биігімді көреді киіктерім.
Күй - үнімді тыңдайды ұйып Көлім,
Өзің үшін өртенген жырларымды,
Жеткізе алсам, арман не, сүйікті елім!
Күн ұлымын
Күн ұлымын, қолдаушым – Күнім менің!
Күннің нұры бойыма сіңіргенім.
Тұғыр бердiң сен маған елді ойла деп,
Ол тұғырдан шығады үнім менің.
Ұғамысың, халайық, жүрек үнін,
Сен деп соққан сол үнді біледі кім?
Мен дагы - ғаламшардың тұрғынымын,
Сүйеуі – Жер, демеуі – Ай, тірегі – күн!
Биік... биік... мақсатым биік менің,
Биігімді көреді киіктерім.
Күй - үнімді тыңдайды ұйып Көлім,
Өзің үшін өртенген жырларымды,
Жеткізе алсам, арман не, сүйікті елім!