Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар каникулға шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күнтәртібінде тұр. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік ұйымдардың қадағалауын талап етеді.
Мектеп жасындағы жасөспірім оқушылардың қылмысқа бой ұруы –жақсы құбылыс емес. Оларды мұндай теріс іс-әрекеттерге итермелейтін нендей күш? Қай кезде де жасөспірімдер қылмысы қоғамдағы өткір, көкейкесті әрі өзекті мәселелердің қатарында болып келеді. Осы орайда Ақтөбе облысы мысалында 2-3 ауыз ой-пікір өрбіткенді жөн көреміз. Қолда бар деректер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық көріністері негізінен ұрлық, тонау, бұзақылық және жыныстық зорлау сипатында екенін көрсетеді.Бұл құбылыстардың басты себептері өте көп:ата-ана тәрбие не қамқорының болмауы,баланың қоршаған ортасы,т.б.
"Жастар арасында қылмыс өршіп тұр"