КӨМЕКТЕСІҢДЕРШ МЕНДЕ СОР 2-тапсырма. Мәтіннен неологизм, термин, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінні және ажыратып жазыңыз.
Неологизм
Термин сөздер
Кәсіби сөздер
Мәтін
Бүгінгі күні Қазақ Ұлттық Өнер университетінде оқыған да, оқымаған да
арманда болып тұр, Есілдің сол жағалауындағы «Шабыт» шығармашылық
сарайына қоныс тепкен білім мен өнер ордасында окушылар мектептен кейін
колледжде, колледжден кейш университетке түсуге мүмкіндігі бар. Тіпті
бакалавриат, магистратура сатыларын бітіргенше оқуын жалғастыра алады, Оған
университеттің материалдық-техникалық базасы толығымен жеткілікті,
«Шабытта» екі балет залы, екі театр залы, аэробика залы және әр буынның өзіне
лайық студиялары жұмыс істейді. Орган залының өзі ірі өрталыққа айналды
Орталық Азия бойынша сирек кездесетін үздік орган залында небір ірі жарыстар
мен фестивальдер өткізіліп, атақты орғаншылар өнер көрсетеді.
Қазіргі күні университет дамудың жаңа жолына түскен, Білім ордасында
мектеп-колледж кешенінде 5 багдарлама, бакалавриатта 19 және магистратурада
15 бағдарлама бойынша мамандар әзірлейді.
Оқу орнында тек 2010 жылдың өзінде жаңа өнер мамандықтары ашылды:
мәдениеттану, өнертану, хореография, кескіндеме, мүсін, режиссура (көркем
және деректі кино), операторлық өнер, сцеено
кітапхана ісі. Сонымен қатар, 6 факультет жұмыс істейді: музыка; театр, кино
және ТВ; дәстүрлі музыкалық өнер; хореография; бейнелеу өнері; әлеуметтік-
гуманитарлық ғылым.
Университет шәкірттері жыл сайын Австрияда, Венада, Ватиканда, Сан-
Бартоломеода өтетін халықаралық конкурстарда топ жарып, жүлдегер атанып, ел
мерейін асқақтатып жүр. Бүгінгі күнге дейін жастар 500 халықаралық байқаудың,
400-ден астам республикалық сайыстың лауреаттары атанып үлгерген.
ҚазҮӨУ-де сабақ беріп, шәкірттер тәрбиелеп жүрген оқытушылар да осал
емес. Олардың басым көпшілігі елімізге танымал тұлғалар. Атап айтқанда,
E. Рахмадиев, К. Дүйсекеев, С.Еркімбеков, С.Әбдінұров, Қ. Байбосынов, Ә. Сығай,
Б.Нөгербек, Ә. Тарази, Р. Мұқанова, Т. Әліпбаев сынды өз кәсібінің билікті
мамандары өз шеберліктерінің қыр-сырын шәкірттерге үйретіп келеді.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!